Текст
08.10.2024 жылы 9-10 сынып оқушылары арасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы болып өтті. Сайыс барысында «Менің шағын Отанымның тарихы», «Шағын Отанымның символы», «Менің шағын Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» номинациялары бойынша оқушылар өз жобаларын қорғап шықты. Сайыс барысында оқушылар өз кіші отанының қайраткерлері,ұлы тұлғалары жайында тереңірек баяндап берді.Тіпті дәлел ретінде сол тұлғалардың қолданған заттарын таныстырып өтті. Конкурс жоғары дәрежеде өткізіліп сайыста белсенділік танытқан оқушыларға әр номинация бойынша жүлделі орындар тағайындалды.