Текст
Ақмола облысы Целиноград ауданы Білім бөлімінің "Қоянды ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1200 орын оқушыға арналған. Соның ішінде 57 оқушылар оқитын кабинет, 1 кітапхана, 2спорт залы, 1акт залы, 1 мұғалімдерге арналған мәжіліс залы, 8 зертханалық кабинет, 408 балаға арналған асхана, 1 медбике кабинеті, электронды тақтамен жабдықталған 2 кабинет жане 4 қосымша кабинет бар. 2021 жылдың 1 ақпан күні Қоянды ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебі оқу жұмысын бастады. 1 ден 5 сыныпқа дейін кезекші топтар және 9-11сынып оқушылары санитарлық қауіпсіздік ережелерді сақтай отырып, оқу сабақтарын бастады.