Текст
26 ақпан 2021 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектептің математика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен zoom жүйесінде «ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары» атты вебинар өтті. Оған барлық аудан көлеміндегі математика пән мұғалімдері қатысты. Сөз сөйлеген спикерлер: педагог-шебер Дауыл Ұлан, педагог-зерттеуші Смагулова Раушан Майкиевна және педагог-зерттеуші Оспанбаева Бактыгул Мелисовна. ҰБТ-да көп кездесетін есептерді қалай тез және тиімді жолмен шығаруды көрсетілді және тәжірибе алмасты. Вебинар өз дәрежесіне жетті. Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі М.К.Байболатованың ұсынуымен тағы да осындай семинарлар ұйымдастыру көзделді.