Текст
Кітап - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік.
(Ғабит Мүсірепов)
Көркем әдебиетті оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында Қоянды №2 жалпы орта мектебі 📚«Мектеп кітапханасына кітап сыйла» акциясын
ұйымдастырды. Акцияға мектеп мұғалімдері, оқушылар, ата-аналар және Қоянды ауылының тұрғындары қатысты. Әр оқырманға кем дегенде 4 дана📚 кітаптан келетінін ескерсек, біз әлі де кітапты сыйға беретін ерікті оқырмандарды күтеміз! Сыйға тарту игі іске жатады, кітап сыйлаған адамдарға алғысымызды білдіреміз!!! 📔Әр кітап өз оқырманын табады деген сенімдеміз...