Текст
Бүгін 14-наурыз- Көрісу күні. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін ұмытып, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық дейді. Бұл күнді “Амал мерекесі” деп те атайды. Көктемге аман-есен жеттік деп дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бір жастарыңызбен! Ғұмырлы болыңыздар! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті мереке елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Амал күніндей шуақты болсын!