Текст
Мектебіміздің Кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруымен 12 мамыр күні жазғы спорт алаңында «БІЗ БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ» атты спорттық-эстафеталық сайыс өтті. Сайысқа 4 белсенді отбасы қатысты. Қызықты спорттық ойындар жүргізілді. Сайыс қорытындысы бойынша "Белсенді жанұя" номинациясына Жанбота Мұхаметұлы, "Көрермендер көзайымы" номинациясына Ақболат Майкенұлы, "Жігерлі" номинациясы бойынша Сержан Атшыбайұлы, "Көңілді жанұя" номинациясы бойынша Мұсабек Рахметханұлының жанұясы марапатталды.