Құрметті Қоянды ауылының тұрғындары, қадірменді ата-аналар! «Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2021 жылдың 01 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Балаларға бірге көмек көрсетейік» ұранымен «Мектепке жол» жыл сайынғы дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастырып отыр. Бұл акцияның негізгі мақсаты: аз қамтылған көпбалалы және әл ауқаты төмен отбасылардың балаларына, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көмекке мұқтаж балаларға жаңа оқу жылында дайындық кезеңінде қол ұшын беріп, көмектесу болып табылады. Осыған орай, білім беру ұйыымдарын, кәсіпкерлерді, үкіметтік емес ұйымдарды, мемлекеттік органдарды, акционерлік қоғамдарды, бизнесмендерді және де бала десе жүрегі елжіреп тұратын барлық еріктілерді акцияға қатысып, қол ұшын созуға шақырамыз. Қазіргі таңда көмекке мұқтаж ата- аналар болса олар кез-келген уақытта өз мектебіне хабарласып, балаларды тізімге енгізіп, көмек ала алады.