Текст
Елбасы мұражайының арнайы шақыртуымен мектебіміздің 7 ә сынып оқушыларына экскурсия сарапшысы Аяпбергенова Ботагөз Дүйсенбекқызы Квест қорытындысы бойынша 3 кезеңнің қызықты ойындарын ұйымдастырды. Жеңіске жеткен оқушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Мұражайда оқушылар қажетті ақпараттармен танысып, керемет әсер алып қайтты.