Текст
Мектебімізде қамқоршылық кеңес мүшелерімен "Мектепке жол" акциясына байланысты отырыс өтті. Аталған отырысқа қоғам белсенділері, ауыл кәсіпкерлері, ауыл мешітінің еріктілері және аудандық мәслихат депутаты Хасенова Ж. Н. арнайы қатысып, мұқтаж отбасыларына көмек беру мәселелері талқыланды. Қамқоршылық кеңес мүшелері жаңа оқу жылына мектептің дайындығымен, асхана жұмысымен танысып, жаңа модификацияланған кабинеттердің заман талабына сай жабдықталғанын көріп, жақсы бағасын берді