Текст
21.09.21 күні жоспарға сәйкес, Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайына онлайн арқылы виртуалдық саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды виртуалды мұражайға саяхат жасау арқылы таныстыру. Оған 8 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Экскурсия жүргізушісі "Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайы" КММ қызметкері Дусмагамбетова Шынар Сұлтанқызы таныстырды. Виртуалды эксурсия екінші рет жүргізілді. Виртуалды мұражай арқылы оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірімен жақын танысып, Қостанайдың киелі жерлеріне саяхат жасады.