Текст
Мектебімізде бүгін 22 қыркүйек күні Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай жоспарланған іс-шаралардың бірі – «Алтынсарин және қазіргі білім» тақырыбында 8-11 сыныптар аралығында дебат өткізілді.Дебаттың мақсаты:аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық еңбегін насихаттау және оқушыларды ой-пікір, сөз сайысына дағдыландыру. Дебат барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, Ұлы ұстаздың педагогикалық, ағартушылық қызметіне құнды пікірлерін ашық білдіріп,өз ойларын аргументтермен,мысалдармен дәлелдей білді.