« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети


«    Шілде 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күнін" - мерекелеуге арналған іс-шара

28.09.2021

"27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күнін" - мерекелеуге арналған іс-шара жоспары бойынша  23-ші қыркүйек күні мектебіміздің  тарих біртестігінің әріптестері Оросханұлы Бекболат, Инуарқызы Жайнагүл  бірлесе отырып "Балқарағай" демалыс орнында 6 а сынып оқушыларына ашық есік күні  шарасын өткізді. Осыған орай "Балқарағай" отбасылық демалыс орталығында орналасқан қолдан жасалған 10 метр биіктіктегі сарқырама мен серуендеп демалуға арналған орманды саяжай ауласымен сапарлай отырып саяхаттап тур жасай отырып адамның табиғатты түрлендіріп жаңғырта алатынына оқушылардың көзін жеткіздік. Демалыс орталығында орналасқан ЗООФЕРМАдағы хаски иттері мен жаннат, қоян мен альпі ешкісі, үнді тотықұсы және уссуриск түлкісі, Шетленд пониі, павлин көгершіндері т.б. жануарлармен таныстырылып танымдық мәліметтер берілді. Сейіл құруға арналған аттарды көрсеттік. Салт-дәстүрімізге лайықтап жасақталған ақшанқан киіз үйлерінде, әсіресе Хан үйінде орналасқан тарихи реконструкцияланған батырлар мүсіндерімен олардың сақадай сай бес қаруы және хан тағы, ұлттық киімдері мен төсек үй жабдықтарын көрсете отырып бұрыңғы бабалар өмірі туралы сыр шертілді. Біздің туристтік сапарымызды "Балқарағай" отбасылық демалыс орталығы ерекше құрметпен қарсы алды, арнайы серуен бағытарынымен экскурсия жасатты және мектеп балаларына арнайы түскі ас мәзірін дайындап рестораннан балаларды тамақтандырды. Бұған оқушылар таңданыс білдіріп жатты, бизнес өкілдері оқушылардың мерейін өсіретін осындай қайырымдылық жасау арқылы оқушыларға үлкен тәлім тәрбие мен жауапкершілік үлгісін көрсете білді, сол үшін бізде орталық әкімшілігіне дән риза болдық. Жалпы алғанда "Балқарағай" отбасылық демалыс орнына жасаған туристтік саяхатымыз Алаш арысы Әлихан Бөкейхан атамыз айтқандай қазақ даласының әр бір тасы балаларымыздың өніріне түйме болып тағылу керек дегеніндей әрбір пұшпақ жеріміз балаларымыздың мақтанышы болуы керек екеніне көзімізді жеткізе түсті.

Просмотров: 279


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст