Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. «Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Себебі Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Осынау мереке қарсаңында баршаңызға ұрпақ тәрбиелеу жолындағы адал еңбектеріңізге алғыс айтамын. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастай берсін дегім келеді.
Мереке құтты болсын, қымбатты Ұстаздар!
Ізгі тілекпен: Қаратаев Тұрар Батырғалиұлы