Ақмола обылысы Целиноград ауданы Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде
Қоянды №1, Қоянды №2, Қабанбай батыр, Приречное орта мектептері арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ерлік ел есінде», «Ауылымның бүгіні мен ертеңі», «Патриот болу-Қазақстанды жүрегінде сақтау!», «Тіл-тәуелсіздіктің айғағы», «Мен жастарға сенемін» тақырыптарында мектепаралық дебат өткізілді.
Турнирдің мақсаты еліміздің интеллектуалды жастарының тәжірибе мен пікір алмасуы нәтижесінде тың идеаларды қалыптастыру, тарихи тұлғалардың мәдени және әдеби мұраларын дәріптеу, жастардың патриоттық, рухани, жан-жақты дамуына, шығармашылық мүмкіндіктердің шыңдалуына және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. дебатты Қоянды №1 орта мектебінің дебат жектекшісі Зандбай Сандуғаш жүргізіп, американдық-парламенттік дебат ережесімен толық таныстырып өтті. Қатысушылар арасында ерекше белсенділік танытып, шешендігімен көзге түсіп,оза шапқан топ спикерлері жеке марапатпен мадақталды.