11.10.2021
        Халықаралық қыздаркүні.                             Қазіргі  заман  қыз  бала  тәрбиесіне ерекше мән  беруді  қажет  етеді.  Қыз  баланы  тәрбиелеу – ұлтты  тәрбиелеу  деген  сөз.    Отбасы – қоғамның  бір  бөлшегі. Ал отбасының  алтын  қазығы – әйел  адам.  
«Халықаралық қыздар» күніне  орай бүгін мектебімізде “Сырғалым” қыздар клубының жалпы жиналысы өтті. Жиналысқа 8-9-10-11 сыныптың қыздары және сынып жетекшілері қатысты.  Сырғалым қыздар клубының жетекшісі Фестиваль Болатқызы клуб мүшелерімен таныстырып, мақсатын, міндеттерін және алдағы жоспарымен бөлісті.
Жиынның басты спикері: Сәттігүл Тохайқызы
Психолог: Мадышова А.О. , Хожатова  Р.Е.
Медбикелер: Козбакова Ж.А.
Гинеколог: Райхан Жүзік қыздарға қатысты пайдалы кеңестерін айтты. 
Тәрбиелі қыз өсіру - елінің салиқалы ұрпағын тәрбиелеу. Осы ойды қыздарға сіңіруді мақсат еткен шарада қыз баланың әдеп ережелері тақырыбында баяндамалар оқылып, өзара талқыға түсті. Қыз баланың тәлім-тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен қыр-сырлары ортаға салынып, қазақ анасының бейнесі ашылды. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап алынды.