Текст
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.
Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Осы мақсатта мектебімізде 1-4 сынып оқушылары арасында «Бала қолынан- жылулық бөлшегі», 7-8 сынып оқушылары арасында «Үлкендерге сый және құрмет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.