Мектебімізде 15 қараша күні «Жаратылыстану ғылымының бүгіні мен ертеңі» атты аудандық семинар өтті. Семинар «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты театрлық қойылыммен ашылды. Қойылымнан кейін қонақтар мектеп өмірімен таныса келе Укай Амангул ұстаздың ашық сабағына қатысты, Тақырыбы "Геоэкологиялық аудандастыру" атты ашық сабақ өтілді.Қолданылған тәсілдері онлайн карта жасау программасы ( Пиктачарт); тест тапсырмалар платформасы ( пликерс). Келесі ашық сабақ биология пәнінен өтті. Тақырыбы "Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлары және гигиенасы". Сабақ АКТ қолдануымен және BilimLand, iTest, Twig-Bilim платформасын мен қатар төңкерілген сыныппен айналым бекеті моделдері мен өтілді. Келген қонақтармен мектеп психологтары тренинг ұйымдастырылды, Мектебіміздің жаратылыстану пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп қорытынды жасады.