« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы: өткені, бүгіні мен болашағы» атты аудандық ғылыми- тәжірибелік конференция ұйымдастырылды
22.11.2021
Мектебімізде 19 қараша күні ақын, зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жылдығы қарсаңында «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы:
өткені, бүгіні мен болашағы» атты аудандық ғылыми- тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияның негізгі мақсаты: Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін
насихаттау, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарға қолдау көрсету. Конференция шымылдығы ақынның "Анаға хат" өлеңін саханалау көрінісі арқылы ашылды.
Конференцияға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекжан Әбдуәлиұлы қатысып, бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған "Латын графикасы" туралы пікірлерімен бөлісті.16 баяндамашы берілген тақырыптарында баяндамаларын оқыды. Конференция соңында барлық қатысушыларға «Алғыс хат» табыстады.