"Оқуға құштар мектеп" челленджді 15-19 қараша аралығында мектебімізде орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің бірлестігі кітап оқуды жақсы көретін оқырмандар арасында әртүрлі байқаулар өткізді.
1, 2, 3-ші сынып оқушыларының арасында ертегілер оқудан жарыстар өткізілді. Сонымен қатар, оқушылар ертегілерден қойылымдар қойды. Барлық сыныптар арасында кітап оқудан, өлеңдерді мәнерлеп және жатқа оқудан, минутқа оқудан жарыстар өткізілді.
8, 9, 10, 11-ші сынып оқушылары арасында өткізілген буккроссинг жарысы әлі де жалғасады деп сенеміз. Себебі оқушылардың арасында кітап оқығанды жақсы көретін және көп оқитын оқушылар бар екенін байқадық.
«Ең жылдам оқырман» байқауы бойынша әр параллельден 1 минутта ең көп сөз оқыған оқырман анықталды.
Сонымен қатар мұғалімдер арасынан да ең жылдам оқитын оқырманды анықтау жарысына 25 мұғалім қатысты. Ұстаздар арасында Серікбай Биша «Ең жылдам оқырман» деп танылса, Шакерхан Назым, Укай Амангүл, Ерболат Асиябану, Жеңісқызы Дидар сияқты ұстаздарымыз ерекше белсенділік танытты.