Мектебімізде Тәуелсіздікке 30жыл толуына орай ұстаз бен шәкірттің жұптасып ән салу "ҚОСТАЛАНТ-2021 " ән байқауы өз мәресіне жетті. Байқау екі кезеңмен өткізілді. Алғашқы кезеңде жұптар әр түрлі тақырыпта ән салып сайысса, соңғы кезеңде тек ғана патриоттық әндер орындап өз бақтарын сынады. Мектебіміздің кәсіподақ ұйымының демеушілігімен байқаудың бас жүлдегері көркем еңбек пәні мұғалімі Әділбек Қанат Әділбекұлына "Discovery Borovoe" сауықтыру орталығына жолдама беріліп, 11-сынып оқушысы Сайранбекқызы Жұлдыз арнайы сыйлықпен марапатталды.Және 1-орынды бастауыш сынып мұғалімі Жеңісқызы Дидармен 8-сынып оқушысы Аңсар алса, белсенді қатысушыларғада арнайы сыйлықтар тағайындалды. Байқауды ұйымдастырған музыка жетекшісі Хатпақызы Серікгүл және де басқа қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!