Целиноград аудандық білім бөлімі және Қоянды №2 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 жыл, 30 асу, 30 белес» атты іс шара өткізілді. Оған ауданымыздың 10 үздік мектептерінің озық тәжірибе тарату бойынша әдістемелік және қолөнер көрмелері, робототехника жұмыстары көрсетілді. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына байланысты ғылыми конференция өткізілді, оған аудан мектептерінің үздік баяндамашылар қатысып, өз пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті. Аудан мектептерінің математиктеріне Қоянды ауылы №2 ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі, педагог шебер Дауыл Ұлан «Олимпиада есептерін шығарудың тиімді жолдары» атты шебер сыныбын көрсетті, Сонымен қатар тәрбие саласы бойынша ауданымыздың бастауыш сынып мұғалімдері Тохай Саттигул., Мадетхан Гулерке., Шаханова Жанель Канатовна., Мырзахан Алтынгул сынып сағаттарын өткізді.Соңында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тағзым» атты мерекелік іс-шара жүргізілді.