Тарих апталығының ашылу салтанаты арнайы концерттік бағдарлама аясында өтіп, мектеп директоры Қаратаев Тұрар Батырғалиұлының құттықтау сөзімен сабақтасты. Апта барысында Оросханұлы Бекболат, Майкен Ақболат, Инуар Жайна және Құралай Мамытхановна бастаған мұғалімдердің тәжірибе алмасу бағытындағы ашық сабақтары болды. Солтанбай Бақытхан және Рахам Ислам
“Досыңа қарап адам таны” тақырыбында мұғалімдер мен оқушыларға дөңгелек үстел ұйымдастырды. Апталық аясында Б. Оросханұлы, И. Рахамұлы мен Ж. Инуарқызы «Тәуелсіздік тәтті ұғым» атты тәуелсіздік тарихына арналған викториналық сұрақтар бойынша мектептің басқарушы құрылымы мен мұғалімдері және оқушылары арасында сауалнамалық ойын өткізді. Бастауыш сыныптар арасында
“Тәуелсіздікке тағзым” тақырыбында суреттер көрмесі өтті. Жабылу салтанатында апталық қорытындысы шығарылып, арнайы концерттік бағдарламамен аяқталды.
#тәуелсіздік30жыл