Текст
“Жас Қыран” және “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өтті.
"Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар,гуманистік,демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым.
Мектеп парламенті “Болашақ” өзін-өзі басқару ұйымы және ұстаздарымыз салтанатты түрде галстуктар мен төсбелгілерді табыстады. Мектебіміздің директоры Тұрар Батырғалиұлы балаларды құттықтап, салтанатты түрде ұланбасы Жанболат Абдурахманға галстук пен төсбелгі табыстады.