Орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында пән мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Сабақтар қызықты әрі тартымды, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 6-7 сыныптар арасында "Души прекрасные порывы..." тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы, жоғары сынып оқушылары арасында "Прекрасная страна пословиц и поговорок", "Знатоки русского языка" іс-шаралары өткізілсе, бастауыш сынып оқушылары "Колобок", "Теремок", "Сказка о репке" ертегілерінен қойылымдар көрсетіп, суреттер конкурсына қатысты. Оған қоса, кітапханашылармен бірлесіп, жоғары сынып оқушылары арасында "По страницам любимых книг" челленджі ұйымдастырылды. Апталықтың барысында өткізілген іс-шаралар қорытындыланып, оларға белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен, ал конкурстардың жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.