« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети


«    Шілде 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғыс айту күні

01.03.2022

Тұлға дейтіміз, өн бойынан ақыл мен парасат, адамдық, адалдықтың шынайы лебі есіп тұрады.
Тек оқушыға емес ,ата- аналарға да үлгі өнеге.
Унзила ұстаз, жас ұрпақты тәрибелеу жолында көп тер төгіп, қаншама шәкірттердің сауатын ашып, білім баспалдағына жол ашып, буыны бекімеген сәби саусағын аялы алақанымен жазуға үйретсе, жігерлі де сабырлы үнімен талай шәкіртке оқуды үйреткен айбынды ұстаз.
Көп жылдар бойы ақырын жүріп анық басуды өз шәкірттерінің бойына сіңірген.  Шәкірттерін сабырлы, салиқалы мінезімен жетелеп келеді.
"Ұстазы жақсының— ұстанымы жақсы" дегендей алдынан білім алып шыққан шәкірттері биіктерден көрініп, өмірде өз орнын тауып жатқанына да куәмін.
Алғашқы ұстазына байланысты алғашқы тұғыры мықты қаланса шәкірттің болашағына деген сенімі де жарқын болары сөзсіз. Осы орайда  А. Байтұрсыновтың"Балаларға көп үйретемін деп, асығыс шала шарпы үйретуден гөрі, аз болса да анықтап нық үйрету абзал"-деген қағиданы Унзила мұғалімнің бойынан көреміз.
Әрбір ата -ана баласын мектепке апарарда ойланары хақ.
Мен баламды осындай білікті өз ісінің шебері Унзила мұғалімге түскеніне қуанышты болдым.
Әрине,  үмітім ақталып отыр.
Ата- аналар атынан және өз атымнан сізге алғысымды жеткізіп отырмын.
Әрбір жас маман осы кісіден үлгі алу керек деп ойлаймын.
Жаңа бағдарлама,  жаңа жүйе бәрі бәрінде жастардан қалмай меңгеріп, жетістерге жетіп жүргенін де білеміз.
Унзила мұғалімге жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық тілеймін!  Ата-ана: Өнер Авдолда

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст