« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети


«    Шілде 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңестер!!!

31.03.2022
Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңестер!!!
"Мектепке дайын болу - оқу, жазу және санау дегенді білдірмейді. 
Мектепке дайын болу - бәрін үйренуге дайын болу"
Психология ғылымдарының доктары 
Леонид Абрамович Венгер
Мектепке барар алдында не істеу керек?
1. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
2. Кітапқа деген қызығушылықты қалыптастыру.
3. Күн тәртібін сақтауға үйрету.
4. Өз-өзіне қызмет көрсету және өзіндік дағдыларын қалыптастыру.
5. Баланы құрдастарымен қарым –қатынас жасауға үйрету.
Табандылық пен ерік процестерін дамытуға ерекше назар аударыңыз!
Тапсырмалар мен тәртіп ережелеріне бағынуға үйрету. Өз іс –әркеттерімен,  эмоциясын, қалауларын басқара білуі керек. 
Күн сайын баланың интеллектуалды дамуымен айналысыңыз:
 Баламен серуендеу кезінде табиғат құбылыстарына назар аударыңыз (жаңбыр, қар, тұман, кемпірқосақ). Жыл мезгілдерінің атын атаңыз.
 Баламен жануарлардың, өсімдіктердің, тұрмыстық заттардың және мектепке  қажет құрал-жабдықтардың аттарын үйретіңіз, олардың ерекшеліктері мен анықтамасын айтыңыз.
 Тіл байлығын дамыту. Балаңызға ертегілерді қайталап айтуға және суреттер бойынша әңгімелер құрастыруға үйретіңіз. Дұрыс айтылуы мен сөйлеу сауаттылығын қадағалаңыз.
 Баланы 100-ге дейін санауға және заттардың санын салыстыруға үйретіңіз. Сандардың бейнесімен таныстырыңыз.
 Сурет, бояғыш (раскраска), мозайка, моншақтар мен түймелерді тізбектеу арқылы баланың ұсақ қол моторикасын дамытыңыз.
 Балаға негізгі геометриялық фигураларды (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш)ажыратуға және дұрыс атауға үйретіңіз, заттардың өлшемі (үлкен, кішкентай) және түсі бойынша салыстырыңыз және ажыратыңыз.
Просмотров: 711


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст