Текст
«Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек». Ахмет Байтұрсынов айтқандай бүгін 27 сәуір күні «Қыран» дебат клубы ұйымдастыруымен «Әділ жолмен баю мүмкін бе?» тақырыбында 7 сыныптар арасында дебат өткізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, нақты аргументтермен сөйледі. Әділ жолмен баю мүмкін екенін дәлелдеді.