28.04.2022 күні "Қоянды ауылы #2 ЖОББМ " КММ жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобаның аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңінде ауданымыздың 45 мектебінің 1-11 сынып оқушыларының ғылыми жобасы қорғалды. Барлығы 204 оқушы қатысты.1-7 сыныптар бойынша "Зерде"бағытынада 106 оқушы, 8-11 сыныптар бойынша "Дарын" бағытында 98 оқушы ғылыми жоба қорғады.Облыстық кезеңге өткен әрбір жұмыстың таңдалған тақырыптың өзектілігі, жаңалығы, ұсынысы, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі ескерілді.Сайысқа төрелік жасаған әділ-қазылар қатысушылардың байқауға жақсы дайындықпен келгендігіне көз жеткізді. Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға өз ұсыныстарын айтып, талапқа сай келмеген жұмыстарға бағыт- бағдар беріп, әлде толықтыру жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды.