Текст
Мектебімізде Балалар жылына орай және «Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық» атты тұжырымдамасы негізінде “Ізгілік шуағы” аясында мектептің әлеуметтік педагогы Аубакирова Г.Я. "Қайырымдылық -асыл қасиет" акциясын ұйымдастырды. Осы акция барысында әлеуметтік жекелеген санаттағы 6 оқушыға Нұр-Сұлтан қаласының "Ақниет" қайырымдылық қоры атынан канцелярлық тауарлар мен мектеп сөмкелері табысталды.