2022 жылдың 8 тамыз күні «Қоянды №2 ЖОББМ-інде Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қамқоршылық кеңестің төрағасы К.Шайзада ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Отырысқа кеңес мүшелері, мектеп директоры және әлеуметтік педагог қатысты. Мектеп директоры Р.М.Смагулова мектептің өткен жылда атқарылған жұмыстары жөнінде толық есеп берді.Сонымен қатар, мектептің әлеуметтік педагогы Ж.М.Сарсембекова өткен жылда көмекті қажет еткен әлеуметтік осал топтарға қандай көмек көрсетілгендігі туралы айтып өтті.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №6-15-2/3135-И хаты негізінде 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек күндері аралығында «Мектепке жол» Республикалық акциясы өтетінін хабарлады.Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған министрліктің бастамасы "Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" ұранымен өткізіледі. Осы орайда, Қамқоршылық кеңес отырысында «Мектепке жол» акциясының жоспары мен алдағы атқарылатын жұмыстары талқыланды.Қамқоршылық кеңес төрағасы К.Шайзаданың белсенділігімен әлеуметтік санаты бар отбасыларға әрдайым көмек жасалып келеді. Жеке кәсіпкерлер де, белсенді ауыл азаматтары, әкімдік те бұл шарадан тыс қалып жатқан жоқ. Бірлесіп жақсылық жасаудан аянбайық!