Текст
Қазақтың ғылым-білімі жайлы сөз болған кезде ұлы ғалым Ахмет Байтұрсыновты еске алмай мүмкін емес. Ғалымның еңбектерінің жарық көргеніне жүз жылдан асса да, өзектілігін әлі жоғалтқан жоқ. Мектебіміздің "ҚЫРАН" дебат клубының ұйымдастыруымен Тілдер мерекесінің онкүндігіне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай "Үш тілде білім беру қажеттілігі?" тақырыбында пікір-сайыс өтті. Қатысушылар өзіндік көзқарастары бар, сыни тұрғыдан таразылап, өз ойларын дәлелді пікірмен жеткізді. Оқушылар дебатқа белсенді қатысты.