Текст
Мектебімізде жаратылыстану мұғалімдерінің ұйымдастыруымен экологиялық ойлау мен дағдыны дамыту мақсатында 10 «А, В» сыныптары арасында «Эко-квест» сайыс сабағы өткізілді. Сайыс 5-кезеңнен тұрды. Әділқазы мүшелері: химия пәні мұғалімі Бақытбек Текенқызы, биология пәні мұғалімдері Айнұр Шакерханқызы мен Калыкова А. Ғ. Нәтижесінде, 10 "А" сынып оқушылары жеңіске жетті.