Қазақ халқы – әлемдегі ең ғажап халық. Қазақты әлем халқына ғажап халық екенін танытып тұрған ол – біздің ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз және ұлттық қолөнер мен ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз ұлтымыздың қадір-қасиетін, ой-өрісін танытатын салт-дәстүрімізге, қазақтың мәртебесін көтеретін мұраларымызға құрметпен қарап, оларды қастерлеу – баршамыздың міндетіміз деп білеміз. Осы ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында, мектебімізде қазақтың киелі киіз үйінің, бұрыштамасы ашылып, лентасы қиылды. Мектебімізде өтіп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында өткен бұл іс- шара оқушыларға мол тағлым берері сөзсіз.
Басқа халықтардан біздің ұлттық құндылықтарыыз өзгешеленіп тұрады. Баға жетпес осындай құндылығы бар біздің ел бақытты. Өзінің құндылықтары арқылы ұлттық болмысын сақтап, осы күнге жетіп отыр. Ертеңгі ұрпақ ұлтжанды, отаншыл, патриот болып өссін десек, осы бастан ата-дәстүрімізді ардақтауды үйретіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірте білуіміз қажет. Жас жеткіншек ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре білсе, еліміздің ертеңі нұрлы болмақ. Бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре білген адам болашаққа жауапкершілікпен қарап, еліміздің елдігі үшін аянбай қызмет ететін азамат болып өседі. Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны.