Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өркендеп жатқан кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Осыған байланысты Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-21 қазан аралығында жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында математика, физика және информатика пәндерінің «Ғылым мен сенімнің ұштасуы-зияткерлік құндылық» атты өткізілетін онкүндігінің ашылуы болды