Текст
Мектебімізде "Сырғалым" клубы мен Спорт және салауатты өмір салты фракциясының ұйымдастыруымен "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" атты лекция өткізілді. Іс-шараға мектеп медбикесі Енсеген Март пен мектеп психологы Хожатова Р.Е. қатысты. Баяндамашылар жеке шекара және оның түрлері, тазалық, жеке бас гигиена және қыз балалар арасында ерте жүктіліктің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.