Текст
29 қазан «Қамқоршылық күніне» орай Қоянды №2 ЖОББМ «Мейірімді жүрек» атты дөңгелек үстелді әлеуметтік педагогтар Аубакирова Г.Я мен Шайза А ұйымдастырды. Ата-ана мейірімі мен қамқорлығы бала үшін өте маңызды. Болашақ балаларымыздың өмірлері мәнді де, сәнді болуы барлығымыз үшін міндет. Кездесуімізді мектеп директоры Смагулова Р.М жүрек жарды құттықтауымен ашты. Мектебіміздің психологтары Хожатова Р.Е мен Мадышова А.О келген қонақтарға тренинг өткізе отырып, керемет көңіл-күй сыйлады. Ата-аналар өз ізгі ниеттерін білдіріп дөңгелек үстелде ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып, ұйымдастырылған іс-шараға алғыстарын білдірді.