Буллинг деген не?
Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі.Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады. Буллингтің қандай түрлері бар? Қарым-қатынаста – жағымсыз, ерекше мінез-құлық, «азаптаушы» мінез-құлық, қауесеттің таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарын жасырып қою, қорқыту әрекеттері). Физикалық – біреудің мүлкіне зиян келтіру, итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, ұрып-соғу немесе кез келген күш қолдану. Жыныстық қатынас – қалауынан тыс физикалық байланыс немесе жыныстық қорлайтын пікірлер. Вербалды – ат қою, сарказм, қауесет, мазақтау. Буллинг белгілері мен сипаттамасы қандай? Баланың мінез-құлқы оның қорланғанын көрсетуі мүмкін. Ересектер мұндай ықтимал белгілерді білуі қажет және мынадай жағдайларға назар аударғаны жөн.
Егер бала: - Мектепке барудан немесе мектептен қайтудан қорқып, мектеп автобусымен жүруді қаламай, өзін мектепке апаруды өтінсе; - Өзінің қалыпты күн тәртібін өзгертіп, мектепке барудан бас тартып, сабақтан қашуды бастаса; - Түнімен жылап немесе қорқыныш сезімі болып, таңертең өзін нашар немесе ауру сезінсе; - Мектептегі үй тапсырмаларын нашар орындап, үйге жыртылған киіммен немесе бүлінген кітаптармен келеді. Үйге аш келеді (түскі ас ақшасы ұрланады); - Ақша сұрайды немесе ақшаны ұрлай бастайды (ақша сұраған адамға беру үшін). - - -Көгерген не кесілген жерлері бар. Агрессив бола бастайды. Орынсыз әрекеттер жасайды; - Тамақ жеуден бас тартады. - Интернет немесе ұялы телефон қолданудан қорқады. Онлайн хабарлама алғанда, мазасыздана бастайды. Бұл белгілер мен мінез-құлық басқа мәселелердің болғанын да байқатуы мүмкін. Егер балаңыздан осындай мінез -құлықтар мен белгілер байқалса, онда ата-анасының, жақындарының және психологтың қолдауы өте қажет.