« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети


«    Шілде 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ӘБІШ ОҚУЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

30.11.2022

🔹🔶🔷 ӘБІШ ОҚУЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ🔷🔶🔹

Мектебімізде жүректерді жан жылуымен ерітіп, проза әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген «Парасат»ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген,  халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын кеңінен тарату мақсатында жыл сайын дәстүрге айналып, өткізіліп жүрген мектепшілік “ӘбІШ ОҚУЛАРЫ” өтті. 

🔹Байқау 4 номинация бойынша өткізілді.
1. “Үй тапсырмасы”- Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы. 
Осы  номинация  бойынша  9 «Ә» сынып оқушысы  Ризабекқызы Қымбат - 1 орын иегері атанды.
2. Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан)мәнерлеп оқу байқауы. 
Бұл номинация бойынша барлығы  6 оқушы қатысып, 10 «В» сынып оқушысы Серік Ардагер жүзден жүйрік шықты.
3. “Шығармашылық жұмыс” Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы бойынша 8 «А» сынып оқушысы Жанболат Абдурахман ауданға жолдама алды.
4. Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым байқауында өнер көрсеткен мектепшілік «Дарын» өнер клубы таңдалды.

🔹«Әбіш оқуларының» негізгі мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаев шығармаларын насихаттау; 
🔹Олардың шығармашылық қабілеттерін,  тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; 
🔹Жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру болатын.  
🔹1 орын алған оқушылар алдағы уақытта аудандық сайысқа барып, мектеп атын қорғайтын болады. 

Оқушыларға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст