Текст
Мектебімізде 14-желтоқсавн Тәуелсіздік күніне орай “Өз елімнің лайықты азаматымын" атты «Нағыз Желтоқсан» қоғамдық қорының мүшелері Құрманғазы Рахметов, Базлуов Нұрлан Тлеубердіұлы, Бузубаева Динара Қайкенқызымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Желтоқсан оқиғасын өз көзімен көріп, өз бастарынан кешкен қиыншылықтарын еске түсіре отырып, бұл айтулы оқиғаның қазақ халқы мен тарихы үшін маңызды екендігіне тоқталды. Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, өз Отанының патриоты болуға, үлкендерді құрметтеуге, білімді болуға шақырды. Кездесуге қатысушылар кездесуден үлкен әсер алып, келген қонақтарға алғыстарын білдірді.