26-желтоқсан күні мектеп кітапханашысы Үмбетжан Мөлдір кітапханада “Хәрри Поттер мен пәлсапа тас” кітабы бойынша кітапты оқыған оқушылардан сынақ алды және олармен шығарманы талқылады. Жиыны жиырма бес сұрақтан тұратын тест нәтижесі бойынша: I орынды - 6 Ә сынып оқушысы Махшар Інжу; II орынды - 4 Ғ сынып оқушысы Еркінқызы Нұршырақ; III орынды - 8 Г сынып оқушысы Арыстан Аяна алды. Осы оқушыларға және 8 А сынып оқушысы Ботан Досымжанға кітапты талқылау кезеңінде белсенді болғаны үшін марапат қағазы табысталды. Алдағы уақта осы оқушылармен кітаптың қалған бөлімдері де талқыланатын болады. Мұндай іс-шаралар қызығушылығы бір оқушылардың бір-бірімен достық қатынас құруына, кейбірінің топ алдында өз ойын еркін білдіруді үйренуіне септігін тигізеді деп сенеміз.