Текст
Мектебімізде Құқық және тәртіп фракциясы, Әділбек Қ. Ә. жетекшілігімен «Жас жол инспекторлары» клубының мүшелері 1-11-сынып оқушыларымен жол ережелері, өрт, су, демалыс, мереке кезіндегі қауіпсіздік ережелер туралы профилактикалық жұмыстар жүргізді. Клуб қатысушылары оқушылармен қауіпсіз қозғалыс ережелері туралы дәрістер өткізіп, оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға көмектеседі, мектепте тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосады.