Текст
Жаңа жыл қарсаңында мектебіміздің әкімшілігі мен әлеуметтік педагогтары Аубакирова Г.Я. , Шайза А. «Жаңа жылдық сыйлық» акциясын ұйымдастырды. Акцияға Қоянды ауылының кәсіпкерлері, тұрғындары және мектеп мұғалімдері қатысты. Көпбалалы, аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлықтағы, ерекше білім беруді қажет ететін балалар жаңа жылдық сыйлықпен қамтамасыз етілді. Акцияға үлес қосқан барлық жомарт жандарға алғыс білдіре отырып, Жаңа жылмен құттықтаймыз!