2023 жылдың 18 қаңтарында Жетекші мектеп аясында жалпы орта білім беретін мектептер педагогтарының критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша озық тәжірибелерін тарату мақсатында «КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ» тақырыбында аудандық семинар өтті.
📎Семинар жұмысына Целиноград ауданына қарасты 30 мектептен 60-қа жуық мұғалімдер қатысты.
Аудандық семинар жұмысы 3 кезең бойынша ұйымдастырылды: пленарлық бөлім, ашық сабақтар және шебер-сыныптар.
📎Жетекші мектеп координаторы А.М. Алматова «Жетекші мектептердегі тиімді ұйымдастырылған қызмет – серіктес мектептердің дамуының кепілі» тақырыбында, Ж.А.Хамзина «Критериальное оценивание – инструмент повышения качества знаний учащихся» тақырыбында баяндама жасап, семинар жұмысының теориялық тұстары мен мақсат-міндеттерін сипаттап берді.
📎Семинар мақсатына сәйкес озық тәжірибелі ұстаздарымыз А.О.Муталипова («Заповедные территории. Безличное предложение»), Г.М.Кубекова («Снегопад»), Қоянды ауылының №1 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі А.К.Ошакбаева («А.И. Куприн. Гранатовый браслет») ашық сабақтар өткізіп, критериалды бағалау жүйесінің қолданылу әдістерімен бөлісті.
Мектебіміздің акт залы мен мұғалімдер бөлмесінде мемлекеттік және орыс тілдерінде серіктес мектеп Қоянды ауылының №1 ЖОББМ озық тәжірибелі ұстаздары Г.Ш. Мурзатаева, С.С. Джунусова, Г.К.Тлеубаева «Критериальное оценивание достижений учащихся» тақырыбында шебер-сынып ұсынды.
📎Сонымен қатар, мектебіміздің «Критериалды бағалау» шығармашылық тобының мүшелері - Р.Азамат, Ж.Манатбек, Б.М. Оспанбаева, Ж.А.Хамзина «Қазіргі білім беру үрдісіндегі критериалды бағалауды ұйымдастыру жолдары» шеберлік-сынып өткізді.
Жұмыс барысында мектебіміздің «Әдемі-ай» бүлдіршіндер хоры, "Nomad» би тобы, музыка пәні мұғалімдері өздерінің өнерлерін көрсетіп, қонақтардың көңілдерінен шықты.
📎Семинар жұмысы нәтижесінде тәжірибе таратқан ұстаздарға аудандық білім бөлімінің сертификаттары табысталды. Қатысушылар жетекші мектеп атынан электронды сертификаттармен марапатталды.