« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети


«    Шілде 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиада кезеңі өткізілді

20.01.2023

Бүгін мектебімізде, қаңтардың 19-ы күні Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиада кезеңі өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, патриотизмді, адамгершілікті дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу болыптабылады. Сонымен  қатар оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 2 кезеңнен құралған олимпиада да оқушылар ұсынылған тақырыптар бойынша өз көзқарастарын білдіре отырып эссе жазды. Бірінші кезең бойынша эссенің мазмұны, құрылымы, тіл шеберлігі, тілдік сауаттылығына назар аударылса, екінші кезеңде оқушылар тест тапсырмаларын орындау арқылы бағаланды. Олимпиада нәтижесінде аудандық жолдамаға 10 "А" сынып оқушысы Таңатхан Әлемнұр, жетекшісі Ауезбек Ақбота, 9"Ә" сынып оқушысы Пайзулла Әділет, жетекшісі Болат Пестифаль қол жеткізді. Жеңісбек Гүлдәурен 9"Б" сынып, ІІ орын, жетекшісі Ахметова М.А, Атамбай Гүлнұр 10"Б" сынып оқушысы ІІ орын, жетекшісі Тегисхан Лена, Завиханқызы Тамаша 11"А" сынып оқушысы ІІ орын, жетекшісі Тегисхан Лена, ІІІ орындарды - Бақытбекқызы Мерей 9"В" сынып оқушысы, жетекшісі Бекей Махбал, Лепесбаева Аружан 10"Ә", жетекшісі Аубакирова Г.Я, Ниязбек Бердігүл 11"Ә" сынып оқушысы, жетекшісі Бекей Махбал иеленді.

Просмотров: 1285


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст