Текст
20-қаңтар күні кітапханашы Мөлдір Үмбетжан мен Әлия Таңатқан қазақтың дана басшысы Дінмұхамед Қонаевтың 111-жылдығына орай “Ғасырдың дара перзенті” атты сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: жас ұрпақты тарихи тұлға туралы кеңірек хабардар етіп, оларда ұлттық мақтаныш сезімді ояту. Сабаққа 9 “А” және 6 “Ә” сынып оқушылары қатысып, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір, еңбек жолы туралы ақпарат алды. Сабақ барысында өзінің тарихты жақсы білетінімен көзге түскен 9 "А" сынып оқушысы Таңатқан Нұрланбек пен 6 “Ә” сынып оқушыларына алғыс білдіреміз.