« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети


«    Шілде 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік күн

30.01.2023

"Оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін пайдалана отырып ұлттық құндылықтарды дәріптеу" тақырыбында әдістемелік күн

2023 жылдың 27 қаңтарында Жетекші серіктес мектептер жоспарына сәйкес Целиноград ауданы Шұбар негізгі орта мектебінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатындағы жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісу мақсатында "Оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін пайдалана отырып ұлттық құндылықтарды дәріптеу" тақырыбында әдістемелік күні өтті.

Әдістемелік күн шебер-сыныптар жиынынан тұрды, оған Қоянды ауылы №2 ЖОББМ,Қоянды ауылы №1 ЖОББМ, Қызылсуат ауылы ЖОББМ, Опан ауылы негізгі орта мектебі жетекші-серіктес мектептерінің педагогтері қатысты.
Әдістемелік күн жоспарына сәйкес Шұбар мектебінің озық тәжірибелі ұстаздары мен жас мамандары қазақ, орыс тілдері, ағылшын тілі, бастауыш сынып пәндерінде ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып, оқытудың түрлі тәсілдерін көрсетті.

Әсіресе , қатысушыларға АКТ технологиясы арқылы түрлі платформалардың мүмкіндіктерімен таныстырып, топтық, жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастырудағы цифрлық платформалардың тиімділігін көрсете білді.

Сонымен қатар, "Ұлттық құндылықтар" көрмесі мен "Тоғызқұмалақ" ойының даму тарихы мен ойнау ережесін көрсетіп, ұлттық ойын арқылы оқушының логикалық ойлауын дамыту жолдарын ұсынды.

Жетекші-серіктес мектептер арасындағы ынтымақтастықты қолдап, оқытудың тиімді, құнды әдіс-тәсілдерімен бөліскен Шұбар мектебі ұжымына шығармашылық толағай тілей отырып, үлкен алғыс айтамыз! Білімді шәкірттер тәрбиелеудегі еңбектеріңіз жана берсін!💐
 

Просмотров: 318


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст