Текст
Бүгін мектебімізде Тарих бірлестігі және алғашқы әскери технологиялық дайындық пән мұғалімі Сержан Атшыбайұлының ұйымдастыруымен М. Мәметова және Т. Бигелдиновқа 100 жыл толуына орай «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Ауылымыздың ауған ардагері Алданов Абибулла Изатуллаевич және құрметті қонақтар келді .Іс-шарамызда сыныптар арасында ашық сабақтар және ұстаздарға арналған қызықты коучинг ұйымдастырылып, бүгінгі іс -шараға қатысқан белсенді мұғалімдерге аудандық алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәннің әдіскері Қорғанбеков Еркебулан Сәрсенғалиұлы алғыс сөзін айтып,аудан білім бөлімінің басшысы С. А. Искаковтың атынан сертификаттар берілді.