« Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети


«    Шілде 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР

10.02.2023

Аудандық семинар барысында АӘТД пәнінің мұғалімі Сержан Атшыбайұлы 10-сынып оқушыларына “Қазақтың қайсар қызы-Мәншүк батыр” атты ерлік сабағын өткізді. Сабақ мақсаты оқушыларды Мәншүк батырдың өмірбаянымен, ерлігімен таныстыру. Сабақ барысында пән мұғалімі өткенге шолу жасай отырып бүгінгі күнге батырды үлгі қыла білді. Тағы бір сабақ 10 “Ә” сыныбында “Қыран қазақ-Талғат Бигелдинов” тақырыбында Бекболат Оросханұлының ұйымдастыруымен өткізілді. Мұғалім ұлттық ойын түрлерін қолдана отырып бастады. Сабақ барысында оқушылар ойын еркін жеткізіп, өзара пікір алмасты. Семинар барысында тарих пәні мұғалімдері Армия Тилеубайұлы мен Шайзақызы Ақерке “Құндылыққа бағытталған білім беру арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерім ояту” тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг мақсаты: АӘТД пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек бере отырып, өз тәжірибелерімен бөлісу. Коучингке барлық мұғалімдер белсене қатысып. әртүрлі тапсырмалар орындады (сәлемдесу, топқа бөліну, ZipGrade платформасы бойынша тест тапсырмасы, психологиялық сауалнама толтыру). Семинар соңында кері байланыс беріліп, әріптестер ізгі тілектерін білдірді.
 

Просмотров: 295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст