♻️2023 жылдың 10 ақпанында Жетекші мектеп аясында озық тәжірибелі педагогтардың LESSON STUDY зерттеу әдісін қолдану бойынша озық тәжірибелерін тарату мақсатында «Ұстаз тәжірибесіндегі зерттеу - бірлескен іс-әрекеттің нәтижесі (lesson study)» тақырыбында аудандық коучинг жұмысы өтті.
♻️Коучинг жұмысына Целиноград ауданына қарасты барлық мектептердің педагогтерімен бірге серіктес мектептерден 50-ге жуық ұстаз қатысты.
Жұмыс барысында мектебіміздің Lesson Study шығармашылық тобы «LESSON STUDY: ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ» (жетекші мектеп координаторы Алматова А.М.), «Жетекші мектеп аясындағы LESSON STUDY шығармашылық тобының жұмысын ұйымдастыру» (директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Укай А.), «LESSON STUDY 1 фокус тобының жұмысын талдау» (Бердімұрат А., Шаймардан Г., Оросхан Б.) тәжірибелерімен бөлісіп, «LESSON STUDY әдісін мектебімізде қолданамыз!» тақырыбында «Арқа ажары» облыстық басылымына мақала әзірленді (Тохай Сәттігүл, Болат Пестифаль).
♻️Сонымен қатар, қатысушылары арасында «LESSON STUDY зерттеуінің ерекшеліктері» топтық жұмысы мен «Зерттеу элементтері» тренингі ұйымдастырылып, коучинг жұмысына қатысқандары үшін сертификаттар берілді.