🍃Ақпан айының 10 жұлдызы күні Қоянды №2 ЖОББ мектебінде ауданымыздың химия және биология пәндерінің ұстаздарына арналған семинары өтті. Семинардың мақсаты: ұстаздардың озық тәжірбиелерімен бөлісу және тарату.
🍃 Жоспар бойынша оқушылардың қолдан жасалған макеттері қойылды.
🍃 Қоянды №1 ЖОББМ,Жалғызқұдық ауылының ЖОББМ, Қараөткел №1 ЖОББМ химия және биология пәні ұстаздары сарамандық, зертханалық жұмыстарымен таныстыра отырып, тәжірбие алмасты
🍃"Ротация станциясы" моделі және "Төңкерілген сынып" моделін ұштастыра отырып биология пәнінің мұғалімі Серикбай Биша "Көздің құрылысы және гигиенасы" атты ашық сабақ өткізді. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті деп бағаланды
🍃Ұстаздың тәжірибиесіндегі зерттеу - бірлескен іс-әрекеттің нәтижесі (Lesson Study) коучинг өтілді. Семинарға қатысқан, өз тәжірибесімен бөліскен әріптестерімізге рақмет айтамыз🌹